Белгілер глоссарийі
Медициналық құрылғы белгілері
Бұл беттегі белгілер ISO 15223, ISO 7000 және басқа да қолданыстағы стандарттарға сәйкес медициналық құрылғылардың жапсырмаларында пайдаланылады. Олар медициналық құрылғыларды қауіпсіз және тиімді пайдалану туралы ақпарат беру үшін қолданылады. Бұл белгілер медициналық құрылғының өзінде, қорабында немесе ілеспе құжаттамада қолданылуы мүмкін.
Белгі | Тақырыбы/Сипаттамасы |
---|---|
![]() |
Өндіруші
ЕО 90/385/EEC, 93/42/EEC және 98/97/EC директиваларында анықталғандай медициналық құрылғы өндірушісін білдіреді.
|
![]() |
Еуропа қауымдастығындағы өкілетті өкіл
Бұл белгінің қасында Еуропа қауымдастығындағы өкілетті өкілдің аты мен мекенжайы болуы керек.
|
![]() |
Жасалған күні
Медициналық құрылғының жасалған күнін білдіреді.
|
![]() |
Жасалған елі
Медициналық құрылғының жасалған елін білдіреді. Белгідегі «CC» әріптері EN 1041+A1 бойынша ел кодын көрсетеді.
|
![]() |
Пайдалану мерзімінің соңы
Медициналық құрылғының қай күннен кейін пайдаланылмауы керектігін білдіреді.
|
![]() |
Партия коды
Партияны немесе жинақты анықтау үшін өндірушінің партия кодын білдіреді.
|
![]() |
Каталог нөмірі
Медициналық құрылғыны анықтау үшін өндірушінің каталог нөмірін білдіреді.
|
![]() |
Сериялық нөмір
Нақты бір медициналық құрылғыны анықтау үшін өндірушінің сериялық нөмірін білдіреді.
|
![]() |
CE белгісі
Еуропа экономикалық аймағында (ЕЭА) сатылатын өнімдерге арналған денсаулықты сақтау, қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау стандарттарына сәйкес келетін медициналық құрылғыны білдіреді. Сонымен қатар CE белгісі ЕЭА аймағында жасалған немесе сатуға арналған ЕЭА аймағынан тыс сатылатын өнімдерде де болады.
|
![]() |
Сынғыш, абайлап ұстаңыз
Абайлап ұсталмаған жағдайда сынуы немесе зақымдалуы мүмкін медициналық құрылғыны білдіреді.
|
![]() |
Осы жағы жоғары қарайды
Тасымалдау қорабының тігінен дұрыс орналасқан қалпын білдіреді.
|
![]() |
Күн сәулесінен қорғаңыз
Жарық көздерінен қорғауды қажет ететін медициналық құрылғыны білдіреді.
|
![]() |
Құрғақ күйінде сақтаңыз
Ылғалдылықтан қорғауды қажет ететін медициналық құрылғыны білдіреді.
|
![]() |
Температураның төменгі шегі
Медициналық құрылғы қауіпсіз пайдаланылатын температураның төменгі шегін білдіреді.
|
![]() |
Температураның жоғарғы шегі
Медициналық құрылғы қауіпсіз пайдаланылатын температураның жоғарғы шегін білдіреді.
|
![]() |
Температура шегі
Медициналық құрылғы қауіпсіз пайдаланылатын температура шектерін білдіреді.
|
![]() |
Ылғалдылық шектеуі
Медициналық құрылғы қауіпсіз пайдаланылатын ылғалдылық ауқымын білдіреді.
|
![]() |
Атмосфералық қысым шектеуі
Медициналық құрылғы қауіпсіз пайдаланылатын атмосфералық қысым ауқымын білдіреді.
|
![]() |
Қайта өңделеді
Бұйымды ауыстыруға болатынын білдіреді.
|
![]() |
Қайта пайдалануға болмайды
Бір рет пайдалануға арналған немесе бір процедура барысында бір емделушіге қолдануға арналған медициналық құрылғыны білдіреді.
|
![]() |
Пайдалану нұсқауларын қараңыз
Пайдаланушыға пайдалану нұсқауларын қарау қажет екенін білдіреді.
|
![]() |
Назар аударыңыз
Әртүрлі себептерге байланысты медициналық құрылғының өзінде көрсетілмеуі мүмкін ескертулер және сақтық шаралары сияқты маңызды сақтандыру ақпаратын беретін пайдалану нұсқауларын қарау қажеттігін білдіреді.
|
![]() |
Құрамында табиғи каучук латексі бар
Медициналық құрылғыда немесе оның қорабында құрылымдық материал ретінде табиғи каучуктің немесе құрғақ табиғи каучук латексінің бар екенін білдіреді.
|
![]() |
Бірбағытты клапан
Сұйықтық бір бағытта ағатын клапаны бар медициналық құрылғыны білдіреді.
|
![]() |
Медициналық құрылғы
Құрылғының медициналық мақсатта қолданылатын құрылғы екенін білдіреді.
|
![]() |
Ыстық беттер
Ыстық беттердің болуын білдіреді. Қорғаныш құралсыз ұстауға болмайды.
|
![]() |
Жеке қорғану жабдығын пайдаланыңыз
Қажет болған уақытта және орында жеке қорғану жабдығын пайдалану керектігін білдіреді.
|
![]() |
Жеміргіш химиялық зат
Жеміргіш химиялық заттың бар екенін білдіреді.
|
![]() |
Тотығатын химиялық зат
Тотығатын химиялық заттың бар екенін білдіреді.
|
![]() |
Улы химиялық зат
Улы химиялық заттың бар екенін білдіреді.
|
![]() |
Жоғары кернеу қаупі
Жоғары кернеу себебінен орын алатын қауіпті білдіреді.
|
![]() |
Қосу/өшіру
Қосуды және/немесе өшіруді білдіреді.
|
![]() |
Айнымалы ток
Айнымалы токты білдіреді.
|
![]() |
WEEE белгісі
Құрылғының немесе құрамдас бөлшектің қайта өңделмейтінін білдіреді.
|
![]() |
RCM
Қолданыстағы ACMA реттеу жүйелеріне сәйкестікті білдіреді.
|
![]() |
TUV
TUV ұйымына бағынышты жекеменшік ұйымдардың техникалық өнімдері OSHA талаптарына сай екенін білдіреді. US АҚШ талаптарына сәйкестікті, ал C канадалық талаптарға сәйкестікті білдіреді.
|
![]() |
Әмбебап тізбекті шина қосқыш порты
Әмбебап тізбекті шина қосқыш портын білдіреді.
|
![]() |
Рұқсат етілетін саны
Жөнелтуші қорабындағы рұқсат етілетін санын білдіреді.
|
![]() |
Саны шектеулі
Жөнелтуші қорабында саны шектелгенін білдіреді.
|
![]() |
Лазер сәулесін шығарады
Лазер сәулесін шығаратынын білдіреді. Сәуленің тікелей түсуіне жол бермеңіз.
|
![]() |
Ескерту
Ескертулерді білдіреді.
|
![]() |
Назар аударыңыз
Сақтық шарасын білдіреді.
|
![]() |
Электр тогының соғу қаупі
Электр тогының соғу қаупін білдіреді.
|
![]() |
Ультракүлгін сәуле қаупі
Ультракүлгін сәуле қаупін білдіреді. Сәуленің тікелей түсуіне жол бермеңіз.
|
![]() |
Тұрақты ток
Тұрақты токты білдіреді.
|
![]() |
Тек бөлме ішінде пайдалануға арналған
Тек бөлме ішінде пайдалануға арналғанын білдіреді.
|
![]() |
Тез тұтанғыш
Құрамындағы заттардың тез тұтанғыш екенін білдіреді.
|
![]() |
Магнитті өріс
Магнитті өрістің бар екенін және имплантталған кардиостимулятордың жұмысына кедергі болуы мүмкін екенін білдіреді.
|
![]() |
Қысу орны
Ішкі жағындағы аймақта қолыңызды немесе саусақтарыңызды қысып қалуы мүмкін екенін білдіреді.
|
![]() |
Қауіпсіздік төлқұжатын қараңыз
Толық ақпарат алу үшін қауіпсіздік төлқұжатын (ҚТ) қараңыз
|